Вакансия
«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ Басқарма төрағасы

Требуемый опыт работы: более 10 лет
Полная занятость, полный день

1. «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы»КеАҚ Басқарма төрағасы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

2. Құжаттарды қабылдаудың басталу күні: 2025 жылғы 6 қазаннан бастап 7 (жеті) күнтізбелік күн, құжаттарды қабылдаудың соңғы күні - 2025 жылғы 12 қазанға дейін.

3. Конкурстың өтетін орны: 010000, Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 17, «Е» блогы, анықтама телефондары: +7(7172) 72-86-02, +7 (702)-428-0878, +7(701)-500-8092.

4. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: 

- жоғары білімінің болуы, аграрлық профиль бойынша (артығырақ);

- тиісті дайындық бағыты бойынша ғылыми дәрежесінің болуы (артығырақ);

- жалпы еңбек өтілі - 10 жыл, оның ішінде басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы (агроөнеркәсіптік кешен саласында болса – артығырақ);

- басқару (менеджмент) саласындағы сертификатының болуы – артығырақ;

- мемлекеттік тілді білуі;

- соттылықтың болмауы, оның ішінде жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша.

6. Кәсіби құзыреттілік: 

Бастамашылық, коммуникативтілік, аналитикалық, ұйымшылдық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Білуі керек:

  • «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  • «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  • «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  • «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  • Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;
  • Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі;
  • Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешені саласындағы нормативтік құқықтық актілер;
  • салық заңнамасы;
  • Қазақстан Республикасының АӨК және қоғамның техникалық, экономикалық және әлеуметтік даму перспективаларын түсіну;
  • ұйымның қаржылық-экономикалық қызметін құру және келісу тәртібі;
  • ғылыми-техникалық жетістіктер және тиісті қызмет түрінің озық отандық және шетелдік тәжірибесі;
  • Қоғамның стратегиялық мақсаттарына сәйкес Қоғамның және оның еншілес ұйымдарының тәуекелдерді басқару жөніндегі қызметін жоспарлау және үйлестіру;
  • ұйымды басқару мен басқарудың заманауи әдістері;
  • қоғамның стратегиялық мақсаттарына сәйкес Қоғамның және оның еншілес ұйымдарының тәуекелдерді басқару жөніндегі қызметін жоспарлау және үйлестіру.

7. Келесі тұлғалар конкурсқа қатысуға жіберілмейді:

1) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

2) өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

3) медициналық арнаулы мекемелерде есепте тұрған.

Құжаттарды қабылдау (конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар үшін) конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 (жеті) күнтізбелік күн өткен соң аяқталады.

8. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға комиссияға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде мынадай құжаттарды ұсынады:

1) белгіленген нысан бойынша конкурсқа қатысу туралы өтініш (өтініштің нұсқасын кадр қызметі береді);

2) конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (мүмкіндігінше цифрлық электрондық форматтан алынған нұсқасы);

3) белгіленген нысан бойынша 3x4 өлшемді түрлі-түсті фотосуреті бар конкурсқа қатысушының қызметтік тізімі (қызметтік тізімнің нұсқасын кадр қызметі береді);

4) білімі туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың белгіленген тәртіппен куәландырылған көшірмелері;

шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтар мен зертханалар «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші Қазақстан Республикасының азаматтарына берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтары шетелдік білім беру ұйымдарында алған білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген осы білім туралы құжаттарды тану немесе нострификациялау туралы куәліктердің көшірмелері қоса беріледі, сондай-ақ өзара тану және эквиваленттілік туралы халықаралық шарттың (Келісімнің) қолданысына енетіндер;

«Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлеріне берілген білім туралы құжаттардың көшірмелеріне «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі;

өзара тану және баламалылық туралы халықаралық шарттың (Келісімнің) қолданысына жататын білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім және ғылым саласындағы уәкілетті орган берген осы білім туралы құжаттарды тану туралы анықтамалардың көшірмелері қоса беріледі;

5) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес берілген құжаттарды ұсынған күні қолданыста болатын Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

6) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес берілген құжаттарды ұсынған күні қолданыста болатын Наркологиялық ұйымнан анықтама;

7) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес берілген құжаттарды ұсынған күні қолданыста болған соттылығының жоқтығы туралы анықтама;

8) жасалған сыбайлас жемқорлық қылмыстардың жоқ/бар екендігі туралы мәліметтерді растайтын, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес берілген құжаттарды ұсынған күні қолданыста болатын құжат.

Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады. Құжаттар қайтарылған жағдайда кандидатқа жетіспейтін құжаттарды толықтыруға мүмкіндік беріледі, олар 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылуы тиіс.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалар өздерінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейі мен беделіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын өзге де мәліметтер) беруге құқылы.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар осы тармақта аталған құжаттарды info@nasec.kz электрондық поштаcына электрондық түрде бере алады.