Требуемый опыт работы: более 5 летПолная занятость, полный день
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі қолданыстағы Басқарма төрағасы – ректордың өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Университет) Басқарма төрағасы – ректоры лауазымына конкурс жариялайды.
Конкурстың өтетін орны: «Ұлттық аграрлық ғылыми – білім беру орталығы» КеАҚ Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 17, Е блогы, анықтама телефондары: 8-7172-728-645. Құжаттарды қабылдау мерзімі 2025 жылғы 6 қазанға дейін (қоса алғанда).
Университеттің орналысқан жері: Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 5.
Университеттің негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: Агроөнеркәсіптік кешені саласындағы білім беру және ғылыми қызмет.
Негізгі мақсат – АӨК саласында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыру. АӨК саласында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім бар жоғары білікті мамандарды даярлау. АӨК саласында қолданбалы ғылыми зерттеудерді ұйымдастыру және жүргізу. АӨК саласында оқытудың жаңа технологияларын әзірлеуге және енгізуге қатысту.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
- кадрларды (мамандықтарды) даярлаудың мындай бағыттары бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің болуы: ауыл шаруашылығы, ветеринария,техникалық ғылымдар мен технологиялар, экономика және бизнес;
- ғылыми докторы және профессор ғылыми дәрежесінің немесе ауыл шаруашылығы, ветеринария, техникалық, технологиялық, экономика ғылымдарының кандидаты немесе/қауымдастырылған профессор атағының, философия докторы (PhD) дәрежесінің болуы;
- соңғы 5 жылда білім және ғылым саласында біліктілікті арттыру курстарынан өту;
- білім және ғылым мәселелері бойынша шетелдік ғалымдармен, жоғары оқу орындарымен және (немесе) ғылыми ұйымдармен өзара іс- қимыл жасау тәжірибесінің болуы;
- аграрлық білім және ғылыми саласында басқарудың практикалық дағдыры бар басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтідінің болуы;
- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы мәліметтердің болмауы;
- соттылығы өтелмеген және алынбаған туралы мәліметтедің болмауы;
- күтілетін мақсатты индикаторлар мен көрсеткіштерді көрсете отырып, Университеттің бес жылдық кезеңге арналған даму бағдарламасының болуы;
- жұмысқа медициналық қарсы көрсетілімдердің болмауы.
Келесі тұлға конкурсқа қатыса алмайды;
- жиырма бес жасқа толмаған;
- бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
- өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
- психоневрологиялық және (немесе) наркологиялық ұйымдарда есепте тұрғандар.
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға мындай құжаттарды ұсынады:
- белгіленген нысандағы өтініш;
- конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- конкурсқа қатысушының белгіленген нысанда көлемі 3х4 түрлі-түсті фотосуреті бар қызметтік тізімі;
- Университетті дамыту бағдарламасының презентациялық материалдары;
- салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсына отырып, білімі туралы құжаттардың және оларға қосымшаладың көшірмесі;
- жұмыс орны (қолданыстағы не соңғы) бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
- құжаттар ұсынылған күнге дейін алты айдан аспайтын мерзімде берілген № 075/у нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы (дәргерлік кәсіптік-консультациялық қортынды) медициналық анықтама
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жылдан аспайтын мерзімде берілген Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жылдан аспайтын мерзімде берілген Наркологиялық ұйымнан анықтама;
- «Азаматтарға арналған үкімет» КеАҚ беретін соттылығының жоқтығын растайтын құжат;
- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті беретін жасалған сыйбалас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы мәліметтердің жоқтығын растайтын құжат.
Жоғарыда көрсетілген құжаттарды «Ұлттық аграрлық ғылыми – білім беру орталығы» КеАҚ, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 17, Е блогы, ұсыну қажет. Анықтама телефоны: 8-7172-728-654.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау ҚР АШМ интернет-ресурсында хабарландыру жарияланған күннен бастап 20 (жиырма) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.
Конкурстың өтетін күні мен орыны қосымша хабарланатын болады.