Требуемый опыт работы: Кемінде 7 жыл жалпы еңбек өтілінің, оның ішінде аталған лауазымның функционалдық және салалық бағыттарына сәйкес келетін кемінде 5 жыл өтілінің болуыПолная занятость, полный день
1. «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ Басқарушы директоры – Басқарма мүшесі (қаржы және бухгалтерлік есеп мәселелеріне жетекшілік етеді) бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды.
2. Құжаттарды қабылдаудың басталу күні: 2025 жылғы 14 сәуірден бастап 7 (жеті) күнтізбелік күн ішінде, құжаттарды қабылдаудың соңғы күні - 2025 жылғы 20 сәуір.
3. Конкурстың өтетін орны: 010000, Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 17, «А» блогы, анықтама телефондары: +7(7172) 72-86-02, +7(701) 500 77 91.
4. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
1) Экономика/ қаржы/ менеджмент саласында жоғары білімнің болуы; Мүмкіндігінше МВА / DВА дәрежелерінің болуы.
2) Мүмкіндігінше СIMA, CFA сертификаттарының, қаржы және бухгалтерлік есеп, жобаларды басқару саласындағы кәсіби сертификаттардың болуы;
3) Кемінде 7 жыл жалпы еңбек өтілінің, оның ішінде аталған лауазымның функционалдық және салалық бағыттарына сәйкес келетін кемінде 5 жыл өтілінің болуы;
4) Экономика және қаржы саласында басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
5) Мүмкіндігінше Директорлар кеңесінің және/немесе Бақылау кеңесінің төрағасы/мүшесі, Басқарма төрағасы/мүшесі немесе басқарушы директор ретінде жұмыс тәжірибесінің болуы;
6) Мүмкіндігінше бизнес-модельге өзгерістер енгізу және салалық активтерді басқару саласындағы табысты жұмыс тәжірибесінің болуы (мысалы, компаниялар құрылымын, шығыстар мен капитал құрылымын оңтайландыруда).
7) Мүмкіндігінше ірі мәмілелер жасасудың практикалық және расталған дағдыларының болуы, оның ішінде ресурстарды тарту және талдау, келіссөздер жүргізу, мәмілелерді құрылымдау, қаржыландыру шарттарын қалыптастыру.
8) мемлекеттік тілді білу;
9) соттылығының, оның ішінде жасалған сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша мәліметтердің болмауы.
10) бастапқы құжаттаманы ресімдеу дағдылары;
11) деректердің үлкен көлемімен жұмыс жасай білу.
Білуге тиісті:
* Экономикалық және қаржылық қызметтің тиісті түрін дамыту бағыттарын айқындайтын заңнамалық және өзге де құқықтық актілер;
* Қаржылық есеп және есептілік стандарттарын білу;
* Ұйымның экономикасы мен қаржысын басқару, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру;
* Қаржылық жұмысты ұйымдастыру, қаржылық жоспарларды, болжамды баланстарды және ақша қаражаттарының бюджеттерін жасау тәртібі;
* Ұйымның өндірістік-шаруашылық және әлеуметтік қызметінің жоспарларын әзірлеу және бекіту тәртібі;
* Ұйымды басқарудың экономикалық әдістері, ұйымда жоспарлы жұмысты ұйымдастыру;
* Материалдық, еңбек және қаржылық шығындар нормативтерін әзірлеу тәртібі;
* Персоналды, жобаларды басқару негіздері;
* Шаруашылық шарттарын, ұжымдық шарттарды, салалық және өңірлік келісімдерді жасасу және ресімдеу тәртібі;
* Заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, құқықтық құжаттаманы жүйелеу, есепке алу және жүргізу тәртібі;
* Экономика негіздері, еңбекті ұйымдастыру, Өндіріс және басқару, Есептеу техникасы, коммуникация және байланыс құралдары;
* Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері.
Жеке және іскерлік қасиеттер:
* аналитикалық құралдарды меңгеру,
* басқару дағдылары,
* стратегиялық ойлау,
* бастама,
* ұйымдастыру,
* көшбасшылық,
* этикалық,
* сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
5. Келесі тұлғалар конкурсқа қатысуға жіберілмейді:
1) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
2) өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
3) медициналық арнаулы мекемелерде есепте тұрған.
Құжаттарды қабылдау (конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар үшін) конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 (жеті) күнтізбелік күн өткеннен кейін аяқталады.
6. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам комиссияға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде мынадай құжаттарды ұсынады:
1) белгіленген нысан бойынша конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (цифрлық электрондық форматта);
3) белгіленген нысан бойынша 3x4 өлшемді түрлі-түсті фотосуреті бар конкурсқа қатысушының қызметтік тізімі;
4) білімі туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың белгіленген тәртіппен түпнұсқаларымен расталған көшірмелері;
шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтар мен зертханалар «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші Қазақстан Республикасының азаматтарына берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтары шетелдік білім беру ұйымдарында алған білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген осы білім туралы құжаттарды тану немесе нострификациялау туралы куәліктердің көшірмелері қоса беріледі, сондай-ақ өзара тану және эквиваленттілік туралы халықаралық шарттың (Келісімнің) қолданысына енетіндер;
«Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлеріне берілген білім туралы құжаттардың көшірмелеріне «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі;
өзара тану және баламалылық туралы халықаралық шарттың (Келісімнің) қолданысына жататын білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім және ғылым саласындағы уәкілетті орган берген осы білім туралы құжаттарды тану туралы анықтамалардың көшірмелері қоса беріледі;
5) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес берілген құжаттарды ұсынған күні қолданыста болатын Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
6) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес берілген құжаттарды ұсынған күні қолданыста болатын Наркологиялық ұйымнан анықтама;
7) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес берілген құжаттарды ұсынған күні қолданыста болған соттылығының жоқтығы туралы анықтама;
8) жасалған сыбайлас жемқорлық қылмыстардың жоқ/бар екендігі туралы мәліметтерді растайтын, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес берілген құжаттарды ұсынған күні қолданыста болатын құжат.
Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады. Құжаттар қайтарылған жағдайда кандидатқа жетіспейтін құжаттарды толықтыруға мүмкіндік беріледі, олар 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылуы тиіс.
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалар өздерінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейі мен беделіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын өзге де мәліметтер) беруге құқылы.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар осы тармақта аталған құжаттарды хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электрондық түрде бере алады немесе 8-701-500-77-91 WhatsApp арқылы