Требуемый опыт работы: кемінде 10 жыл жалпы жұмыс өтілінің, оның ішінде ғылым саласында, агробизнесте не онымен байланысты салаларда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуыПолная занятость, полный день
1. «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ, 010000, Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 17, «А» блогы, анықтама телефондары: +7(7172) 72-86-40, +7(701) 500 77 91, 2025 жылғы 6 ақпаннан бастап «Қазақ аграрлық-өнеркәсіптік кешенінің экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Басқарма төрағасының бос лауазымына конкурс жариялайды (бұдан әрі - Серіктестік).
2. Серіктестіктің орналасқан жері: «Қазақ аграрлық-өнеркәсіптік кешенінің экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институты» ЖШС, 050057, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Сәтпаев көшесі, 30Б.
3. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
1) ауыл шаруашылығы, ветеринария, техникалық ғылымдар мен технологиялар, экономика және бизнес бағыттары бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің болуы;
2) «Іскерлік әкімшілендіру магистрі» дәрежесінің немесе басқару/менеджмент саласында қосымша білімнің болуы;
3) ғылым докторы ғылыми дәрежесінің немесе ауыл шаруашылығы, ветеринария, техникалық, технологиялық, экономика ғылымдарының кандидаты немесе профессор/қауымдастырылған профессор атағының немесе философия докторы (PhD) дәрежесінің болуы.
4) кемінде 10 жыл жалпы жұмыс өтілінің, оның ішінде ғылым саласында, агробизнесте не онымен байланысты салаларда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
5) бизнесті басқарудың, персоналды басқарудың, активтерді басқарудың, ұйымның қаржы-шаруашылық қызметін басқарудың практикалық дағдылары бар басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы;
6) аграрлық ғылым мәселелері бойынша шетелдік ғалымдармен және /немесе ғылыми ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау тәжірибесінің болуы;
7) соттылығының, оның ішінде жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша болмауы;
8) жұмысқа медициналық қарсы көрсетілімдердің болмауы.
4. Келесі тұлғалар конкурсқа қатысуға жіберілмейді:
1) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
2) өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
3) медициналық арнаулы мекемелерде есепте тұрған.
5. Кандидаттардың өтінішін тиісті құжаттары қоса берілген кандидат жеке өзі немесе азаматтық заңнамаға сәйкес оған уәкілеттік берілген өкілі не осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде тапсырысты хатпен табыс етеді.
6. Конкурстың өтетін орны: Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 17, «А» блогы, анықтама телефондары: +7(7172) 72-86-02, +7(701) 500 77 91.
7. Құжаттарды қабылдаудың басталу күні: 2025 жылғы 6 ақпаннан бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде.
8. Кандидаттар ұсынатын құжаттардың тізбесі:
1) белгіленген нысан бойынша конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (мүмкіндігінше цифрлық түрде);
3) белгіленген нысан бойынша 3x4 өлшемді түрлі-түсті фотосуреті бар конкурсқа қатысушының қызметтік тізімі;
4) Серіктестіктің даму бағдарламасының презентациялық материалдары;
5) салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсына отырып, білімі туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың көшірмелері:
шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтар мен зертханалар «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші Қазақстан Республикасының азаматтарына берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, шетелдік білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының азаматтары алған білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген білім туралы осы құжаттарды тану немесе нострификациялау туралы куәліктердің көшірмелері қоса беріледі. сондай-ақ өзара тану және баламалылық туралы халықаралық шарттың (Келісімнің) қолданысына енетіндер;
«Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлеріне берілген білім туралы құжаттардың көшірмелеріне «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі;
өзара тану және баламалылық туралы халықаралық шарттың (Келісімнің) қолданысына жататын білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім және ғылым саласындағы уәкілетті орган берген осы білім туралы құжаттарды тану туралы анықтамалардың көшірмелері қоса беріледі;
6) № 075/е нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіптік-консультациялық қорытынды), құжаттар ұсынылған күнге дейін алты айдан аспайтын мерзімде берілген;
7) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жылдан аспайтын мерзімде берілген Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жылдан аспайтын мерзімде берілген Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) «Азаматтарға арналған үкімет» КеАҚ беретін соттылығының жоқтығын растайтын құжат;
10) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті беретін жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы мәліметтердің жоқтығын растайтын құжат.
Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалар өздерінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейі мен беделіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын өзге де мәліметтер) ұсына алады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар осы тармақта аталған құжаттарды hr@nasec.kz электрондық пошта мекенжайына электрондық түрде бере алады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электрондық пошта арқылы берген тұлғалар конкурсқа үміткерлерді тыңдау басталғанға дейін үш сағаттан кешіктірмей осы тармақта аталған құжаттардың түпнұсқаларын ұсынады.
Осы тармақта аталған құжаттардың түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда, тұлға конкурсқа қатысуға жіберілмейді.