Вакансия
«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ Ішкі аудит қызметінің басшысы

Требуемый опыт работы: бухгалтерлік есеп және аудит және/немесе қаржылық бақылау саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі, оның ішінде басшылық лауазымда кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі, ұйымдарда ішкі аудитор лауазымында кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы
Полная занятость, полный день

1. «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ, Ішкі аудит қызметі басшысының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

2. Құжаттарды қабылдаудың басталу күні: 2024 жылғы 4 шілдеден бастап 7 (жеті) күнтізбелік күн, құжаттарды қабылдаудың соңғы күні 2024 жылғы 10 шілде.

3. Конкурстың өтетін орны: 010000, Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 17, «А» блогы, анықтама телефондары: +7(7172) 72-86-02, +7(701) 500 77 91.

4. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: 

- экономика және қаржы және/немесе бухгалтерлік есеп және аудит және/немесе ақпараттық технологиялар және/немесе техникалық және/немесе заң саласындағы жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімінің болуы;

- бухгалтерлік есеп және аудит және/немесе қаржылық бақылау саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі, оның ішінде басшылық лауазымда кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі, ұйымдарда ішкі аудитор лауазымында кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

- Қазақстан Республикасының сертификаттау жөніндегі Ұлттық комиссиясы беретін мемлекеттік аудитор сертификатының болуы,

- аудит және/немесе есеп және қаржылық менеджмент саласындағы сертификат және/немесе біліктілік,

- және / немесе «бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кәсіби бухгалтерлердің сертификаты,

- және / немесе CIA ішкі аудит саласындағы сертификат (Certified Internal Auditor),

- және / немесе IFA ішкі аудит саласындағы диплом (Diploma in Internal Audit),

- және / немесе DipCPIA (Certified Professional Internal Auditor Diploma) немесе DipPIA (professional Internal auditor Diploma)ішкі аудит саласындағы диплом,

- және / немесе Британдық кәсіби қаржы менеджерлері институты беретін IPFM ішкі аудит саласындағы халықаралық диплом - IPFM (UK) (Institute of Professionalf inancial managers),

- және / немесе ACCA (Association of Certified Chartered Accountants)ант берген бухгалтер сертификаты,

- және / немесе диплом Diploma in International Financial Reporting,

- және / немесе CIPA халықаралық кәсіби бухгалтер сертификаты (Certified International Professional Accountant),

- және / немесе CAP халықаралық біліктілік сертификаты (Certified Accounting Practitioner).

- мемлекеттік тілді білу (міндетті түрде), шет тілін білу (мүмкіндігінше);

- соттылықтың болмауы, оның ішінде жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша.

5. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға комиссияға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде мынадай құжаттарды ұсынады:

1) белгіленген нысан бойынша конкурсқа қатысу туралы өтініш (өтініштің нұсқасын Қоғамның кадр қызметі береді);

2) конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (мүмкіндігінше цифрлық электрондық форматтан алынған нұсқасы);

3) белгіленген нысан бойынша 3x4 өлшемді түрлі-түсті фотосуреті бар конкурсқа қатысушының қызметтік тізімі (қызметтік тізімнің нұсқасын Қоғамның кадр қызметі береді);

4) білімі туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың белгіленген тәртіппен куәландырылған көшірмелері;

шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтар мен зертханалар «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші Қазақстан Республикасының азаматтарына берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтары шетелдік білім беру ұйымдарында алған білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген осы білім туралы құжаттарды тану немесе нострификациялау туралы куәліктердің көшірмелері қоса беріледі, сондай-ақ өзара тану және эквиваленттілік туралы халықаралық шарттың (Келісімнің) қолданысына енетіндер;

«Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлеріне берілген білім туралы құжаттардың көшірмелеріне «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі;

өзара тану және баламалылық туралы халықаралық шарттың (Келісімнің) қолданысына жататын білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім және ғылым саласындағы уәкілетті орган берген осы білім туралы құжаттарды тану туралы анықтамалардың көшірмелері қоса беріледі;

5) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес берілген құжаттарды ұсынған күні қолданыста болатын Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

6) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес берілген құжаттарды ұсынған күні қолданыста болатын Наркологиялық ұйымнан анықтама;

7) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес берілген құжаттарды ұсынған күні қолданыста болған соттылығының жоқтығы туралы анықтама;

8) жасалған сыбайлас жемқорлық қылмыстардың жоқ/бар екендігі туралы мәліметтерді растайтын, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес берілген құжаттарды ұсынған күні қолданыста болатын құжат.

        Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады. Құжаттар қайтарылған жағдайда кандидатқа жетіспейтін құжаттарды толықтыруға мүмкіндік беріледі, олар 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылуы тиіс.

        Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалар өздерінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейі мен беделіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын өзге де мәліметтер) беруге құқылы.

        Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар осы тармақта аталған құжаттарды hr@nasec.kz электрондық поштаcына электрондық түрде бере алады.