Вакансия
«А.Ф. Христенко атындағы Қарағанды ауылшаруашылық тәжірибе станциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Басқарма төрағасы бос лауазымы

Требуемый опыт работы: жалпы жұмыс өтілі кемінде 10 жыл, оның ішінде ауыл шаруашылығы өндірісі саласында, агрбобизнесте немесе онымен байланысты салаларда жұмыс тәжірибесі кемінде 5 жыл
Полная занятость, полный день

1. «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ, 010000, Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 17, «А» блогы, анықтама телефондары: +7(7172) 72-86-40, +7(701) 500 77 91, «А.Ф. Христенко атындағы Қарағанды ауылшаруашылық тәжірибе станциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Басқарма төрағасының бос лауазымына конкурс жариялайды (бұдан әрі - Серіктестік).

2. Серіктестіктің орналасқан жері: «А.Ф. Христенко атындағы Қарағанды ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС, 100435, Қарағанды облысы, Бұхар Жырау ауданы, Центральное ауылы, Ленин көшесі, 17А.

3. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: 

1) кадрлар даярлаудың мынадай бағыттары (мамандықтары) бойынша жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің болуы: ауыл және орман шаруашылығы, ветеринария, биотехнология, техникалық ғылымдар мен технологиялар, экономика және бизнес;

2) мүмкіндігінше ғылыми дәрежесінің (ғылым докторы немесе кандидаты) немесе философия докторы (PhD) дәрежесінің болуы;

3) жалпы жұмыс өтілі кемінде 10 жыл, оның ішінде ауыл шаруашылығы өндірісі саласында, агрбобизнесте немесе онымен байланысты салаларда жұмыс тәжірибесі кемінде 5 жыл;

4) бизнесті басқарудың, персоналды басқарудың, активтерді басқарудың, ұйымның қаржы-шаруашылық қызметін басқарудың практикалық дағдыларымен басшы лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі кемінде 5 жыл;

5) соттылығының, оның ішінде жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша болмауы;

6) жұмысқа медициналық қарсы көрсетілімдердің болмауы.


4. Келесі тұлғалар конкурсқа қатысуға жіберілмейді:

1) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

2) өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

3) медициналық арнаулы мекемелерде есепте тұрған.

5. Кандидаттардың өтінішін тиісті құжаттары қоса берілген кандидат жеке өзі немесе азаматтық заңнамаға сәйкес оған уәкілеттік берілген өкілі не осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде тапсырысты хатпен табыс етеді.

6. Конкурстың өтетін орны: Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 17, «А» блогы, анықтама телефондары: +7(7172) 72-86-40, +7(701) 500 77 91.

7. Құжаттарды қабылдаудың басталу күні: 2024 жылғы 29 қаңтардан бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде (соңғы күн 2024 жылғы 9 ақпан).

8. Кандидаттар ұсынатын құжаттардың тізбесі:

1) белгіленген нысан бойынша конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (мүмкіндігінше цифрлық түрде);

3) белгіленген нысан бойынша 3x4 өлшемді түрлі-түсті фотосуреті бар конкурсқа қатысушының қызметтік тізімі;

4) Серіктестіктің даму бағдарламасының презентациялық материалдары;

5) салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсына отырып, білімі туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың көшірмелері:

6) № 075/е нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіптік-консультациялық қорытынды), құжаттар ұсынылған күнге дейін алты айдан аспайтын мерзімде берілген;

7) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жылдан аспайтын мерзімде берілген Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жылдан аспайтын мерзімде берілген Наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) «Азаматтарға арналған үкімет» КеАҚ беретін соттылығының жоқтығын растайтын құжат;

10) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті беретін жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы мәліметтердің жоқтығын растайтын құжат.

Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалар өздерінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейі мен беделіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын өзге де мәліметтер) ұсына алады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар осы тармақта аталған құжаттарды hr@nasec.kz электрондық пошта мекенжайына электрондық түрде бере алады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электрондық пошта арқылы берген тұлғалар конкурсқа үміткерлерді тыңдау басталғанға дейін үш сағаттан кешіктірмей осы тармақта аталған құжаттардың түпнұсқаларын ұсынады.

Осы тармақта аталған құжаттардың түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда, тұлға конкурсқа қатысуға жіберілмейді.