Вакансия
"Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті" КеАҚ Басқарма төрағасы - Ректоры

Требуемый опыт работы: аграрлық білім және ғылым саласында басқарудың практикалық дағдылары бар басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы
толық жұмыс күні, толық күн

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Университет) Басқарма төрағасы - Ректоры бос лауазымына конкурс жариялайды. 

Конкурстың өтетін орны: «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 19, «В» блогы, анықтама телефондары:  +7( 7172) 76-84-93; 76-85-32, +7(701) 500-77-91

Университеттің орналасқан жері: Алматы қаласы, Абай көшесі, 8.

Университеттің негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: Агроөнеркәсіптік кешені  саласындағы білім беру және ғылыми қызмет.

Негізгі мақсат - АӨК  саласында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыру. АӨК саласында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар жоғары білікті мамандарды даярлау. АӨК саласында қолданбалы ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу. АӨК саласында оқытудың жаңа технологияларын әзірлеуге және енгізуге қатысу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: 

1) кадрларды (мамандықтарды) даярлаудың мынадай бағыттары бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің болуы: ауыл шаруашылығы, ветеринария, техникалық ғылымдар мен технологиялар, экономика және бизнес;

2) ғылым докторы және профессор ғылыми дәрежесінің немесе ауыл шаруашылығы, ветеринария, техникалық, технологиялық, экономика ғылымдарының кандидаты немесе / қауымдастырылған профессор атағының, философия докторы (PhD) дәрежесінің болуы;

3) соңғы 5 жылда білім және ғылым саласында біліктілікті арттыру курстарынан өту;

4) Білім және ғылым мәселелері бойынша шетелдік ғалымдармен, жоғары оқу орындарымен және (немесе) ғылыми ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау тәжірибесінің болуы;

5) аграрлық білім және ғылым саласында басқарудың практикалық дағдылары бар басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы;

6) соттылығы және жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы мәліметтердің болмауы;

7) күтілетін мақсатты индикаторлар мен көрсеткіштерді көрсете отырып, Университеттің бес жылдық кезеңге арналған даму бағдарламасының болуы;

8) жұмысқа медициналық қарсы көрсетілімдердің болмауы.

Келесі тұлға конкурсқа қатыса алмайды:

1) жиырма бес жасқа толмаған;

2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

3) өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

4) медициналық арнаулы мекемелерде есепте тұрғандар.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға мынадай құжаттарды ұсынады:

1) белгіленген нысандағы өтініш;

2) конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) конкурсқа қатысушының белгіленген нысанда көлемі 3x4 түрлі-түсті фотосуреті бар қызметтік тізімі;

4) Университетті дамыту бағдарламасының презентациялық материалдары;

5) салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсына отырып, білімі туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың көшірмелері;

6) жұмыс орны (қолданыстағы не соңғы) бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

7) № 075/у нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы (дәрігерлік кәсіптік-консультациялық қорытынды) медициналық анықтама;

8) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жылдан аспайтын мерзімде берілген Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

9) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жылдан аспайтын мерзімде берілген Наркологиялық ұйымнан анықтама;

10) «Азаматтарға арналған үкімет» КеАҚ беретін соттылығының жоқтығын растайтын құжат;

11) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті беретін жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы мәліметтердің жоқтығын растайтын құжат.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру ҚР АШМ сайтында жарияланған күннен бастап 20 (жиырма) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.